KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
453.35 492.02 4.96

Әлемдегі ең қымбат қалалар

фото: pixabay.com/susan_oh

1.12.2023, 15:25 105 Оразай Жеңісұлы

Швейцарияның Цюрих қаласы мен Сингапур 2023 жылдың ең қымбат қаласы атанды. Бұл туралы Tengritravel.kz сайты Unian басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Worldwide Cost of Living Index зерттеуіне сәйкес, былтырғы көшбасшы Нью-Йорк үшінші орынға түскен, ол бұл орынды швейцариялық тағы бір қала - Женевамен бөлісіп отыр.

Айта кетейік, Цюрих былтыр алтыншы орында, ал Сингапур екінші орында болған. Женева болса рейтингте жетінші орынды иеленген болатын.

Швейцариялық қалалардың мұндай секірісін мамандар швейцариялық франктың құнды болуымен байланыстырады және азық-түлік, үйге қажетті заттар мен демалыс бағасының тым қымбат болуы да әсер еткен. Сингапурда көлік қатынасы мен киім-кешек қымбаттаған.

Сирия астанасы Дамаск қаласы әлемдегі ең арзан қала - 173-орын. Тегеран (Иран) және Триполи (Ливия) 172-орынды және 171-орынды өзара бөлісті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив