KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Белгілі актер Асқар Наймантаев дүниеден өтті

2.12.2023, 11:20 141 Назерке Каримова
2 желтоқсан күні танымал театр актерінің мәңгілік сапарға аттанғанын дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали хабарлады.

Танымал актер Асқар Наймантаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы актердің достары әлеуметтік желіде хабарлады. 

"Асқар ағамыз бақиға аттаныпты. Қайран асыл ер… Алла алдыңнан жарылқасын", - деп жазды Ерлан Рысқали Facebook-парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін өнер иесі Instagram-парақшасында ауруханада жатқан суреттерін бөліскен еді. 

Асқар Наймантаев - "Тамаша" ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал актер. Ол "Домашние войны", "Бастық боламын", "ОрыStar в Шымкентте", "Детектив әже", "Туысқандар", "Бұйымтай", "Өсекшілер" "Внуки в ауле" комедиялық сериалдарында, Сатыбалды Нарымбетовтың "Аманат", Бақытас Санитастың "Тезек" фильмдердінде ойнады. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив