KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

Тұрғын үй бағасы қашан түсуі мүмкін – сарапшы болжамы

фото: gov.kz

4.12.2023, 22:13 177 Оразай Жеңісұлы

Елімізде баспана сатып алу-сату мәмілелерінің саны тұрақты. Бұл туралы Қазақстанның Риелторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко айтты, деп хабарлады Kazinform.

Баспана сату-сатып алу мәмілелерінің саны ай сайын тұрақты. 32-33 мың мәміле деңгейінде қалып отыр. Қайталама нарықтағы қайта бағаланған жылжымайтын мүлік иелерінің бағаны түсіруі және кез келген нысанды сату бағаға байланысты екендігі жайлы фактіні қабылдауы қиындау.

«Жарты жыл болды, сата алмадық» дейтіндер баспана құнын тым жоғары қойып отырғандардың санатына жатады», — деді Нина Лукьяненко агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, бүгінде нарықта сатып алушылар басты ойыншыға айналып отыр.

«Ендігі уақытта нарықтағы жетекші ойыншы сатып алушы екендігіне еш нәрсе істей алмайсың және де олар өз бағалары мен шарттарын ұсынады. Егер сатушы онымен келіспесе, онда сатып алушы басқа ұсыныс күтеді. Ал сатушыға нарықтағы жалпы үрдістен хабары жоқ аңқау сатып алушыны іздеуіне тура келеді. Алдағы уақытта маусымдық құлдырау күтіледі. Ол кезде ұсыныс та, сұраныс та төмендейді. Құрылысшылар тарапынан сатылымды ынталандыру мақсатындағы сатып алушыларға жаңажылдық көптеген оңтайлы шарттары бар ұсыныстарды күтеміз. Сатып алушыларға осы акцияларды пайдалануға кеңес берер едім», — деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив