KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
519.51 611.83 6.6

Тағы да жол апаты: Қоғамдық көліктегі жолаушы жарақат алды

фото: avesta-news.kz

5.12.2023, 09:38 233 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында қоғамдық көлік пен жүк көлігі соқтығысты. Соның салдарынан автобустағы жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Оқиға 4 желтоқсанда Қабанбай батыр көшесінде болған.

– Жол апаты «MАЗ» маркалы көлік жүргізушісінің қателігінен болған. Ол метеорологиялық жағдайды ескермей, жылдамдықты асырып жіберген. Соның кесірінен тоқтап тұрған автобусқа соғылған. Қоғамдық көліктегі жолаушылардың бірі жарақат алды, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жолаушының денсаулығына қаншалықты зиян келгені сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу