KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, З
481.63 534.46 5.28

Мектепте смартфон ұстау: министр шектеу туралы түсіндірді

шартты сурет

5.12.2023, 15:48 152 Оразай Жеңісұлы

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың сабақ уақытында ұялы телефон пайдалануын заңды түрде шектеуді ұсынған Асхат Аймағамбетовтың бастамасын түсіндірді, деп хабарлайды  Altaynews.kz сайты.

Үкіметтік брифинг барысында журналистер бұл тыйым қалай жұмыс істейтінін сұрады.

Сұрақтарға жауап берген министр Бейсембаев "мектеп сапалы білім мен саналы тәрбие беруі керек" деп атап өтті. Сондықтан, ведомство басшысының айтуынша, бала мұғалімнің сабақ барысында беретін материалын толық меңгеріп, білімін шыңдауы керек.

"Смартфон, өзіміз білетіндей, балалардың көңілін бөледі. Бүгінде шара ата-аналар мен мұғалімдердің өтініштері мен арыз-шағымдары нәтижесінде қолға алынды. Тағы да айта кетейін, бұл смартфонды тек сабақ кезінде пайдалануға тыйым салатын заң. Ал сабақ біткен соң, сабақтан тыс уақытта оқушы ұялы телефон арқылы ата-анасымен байланысуға құқылы. Бұл сабақ кезіндегі шектеу ғана", - деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив