KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
453.35 492.02 4.96

Өңірге көшіп келген 67 отбасына экономикалық ұтқырлық сертификаты берілді

фото: gov.kz

5.12.2023, 18:01 131 ALTAINEWS

Биыл біздің облысқа өзге өңірлерден қоныс аударған 67 отбасы экономикалық ұтқырлық сертификатын алып, баспаналы болды деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Биылдан бастап елімізде ішкі қоныс аударушылар үшін тұрғын үй сатып алу үшін материалдық көмек алуға мүмкіндік беретін «Экономикалық ұтқырлық сертификаты» енгізілді. Бүгінге дейін сертификаттар біздің облысқа өзге өңірлерден қоныс аударған 67 отбасына берілді. Олар өздеріне мемлекеттен берілген 4 млн теңгенің үстіне өз қаражатын қоса отырып, көшіп барған жерлерінен баспана сатып алған.

Сертификат бір рет қайтарымсыз негізде тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4 млн теңгеге дейін беріледі. Биыл біздің облысқа жұмыс күші артылып отырған оңтүстік өңірлерден 305 адам көшіп келген. Олардың көбі Түркістан мен Алматы облыстарынан келді.

– Үй сатып алуға берілетін материалдық көмек Ұлттық банк бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Үкімет бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесі формасында ұсынылады, – дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Динара Мұратбекқызы.

Тұрғын үйді меншікке сатып алу үшін сертификат алдын ала шарт немесе тұрғын үйді сатып алу-сату шарты болған кезде беріледі. Тұрғын үй салу кезінде сертификат жер және басқа да заңнамаларға сәйкес жеке тұрғын үйлер салу үшін меншігінде жер учаскелерінің болуын ескере отырып беріледі.

Сертификатты тұрғын үй сатып алу кезінде бастапқы жарнаның бір бөлігі ретінде пайдалану үшін екінші деңгейдегі банктен тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы хат ұсыну қажет.

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив