KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
447.89 476.78 4.79

«Металлург» саябағында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

2.09.2022, 14:57 240

Облыс орталығындағы «Металлург» саябағында жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ТҮКШ бөлімінің мамандары абаттандыру аясында қандай жұмыстар атқарылғанын айтты. Саябақтың үш кіреберісі жөнделді, жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Оған қоса «Металлургте» жаңа мүсіндер, дәлірек айтқанда, белгілі мультфильмдердің кейіпкерлері пайда болды: Жын («Аладдин»), Алекс («Мадагаскар»), Миниондар, Спанч Боб және Патрик.

Мамандар негізгі кіреберістегі сағат мұнарасын да алып тастады. Бұл мұнара енді басқа орынға қойылады.

Қаланың ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі саябақтағы жұмыстар алдағы он күн ішінде аяқталатынын хабарлады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив