Доллар қайта көтерілді
Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда сессиясында доллардың бүгінгі бағамы 372,22 теңгеге дейін қымбаттады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Айта кетсек, соңғы күндері АҚШ валютасының бағамы төмендеп келе жатқан. Алайда қайта көтеріліп отыр.
Ақша айырбастау пункттерінде доллар бүгін 372,5-373 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Ұлттық банктің ресми бағамы 371,19 теңгені құрайды. Ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы екі сессияның қорытындысы бойынша белгіленеді.
Шетелдік валюталардың ресми орташа бағамы:
Доллар – 371.19 теңге (USD/KZT);
Еуро- 426.46 теңге (EUR/KZT);
Рубль – 5.63 теңге (RUB/KZT).
Оқи отырыңыз