KZ
Өскемен
+11°
небольшой дождь Штиль
443.16 480.39 4.94

Өскеменде бүгін 14 машина соқтығысты (видео)

31.10.2018, 05:03 237

Бүгін таңертең Өскеменде 14 автокөлік соғылып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қаланың әр ауданында болған жол-көлік оқиғаларының арасын минуттар ғана бөліп тұр.


Алғашқы жол-көлік оқиғасы таңғы сағат  9.00-де Ертіс көпірінде Сәтпаев даңғылына жақын маңда басталды. Мұнда жеті шетелдік маркалы автокөлік пен екі "Жигулидің" соқтығысуынан үлкен кептеліс болды. Бұл оқиғада ең көп зардап шеккен  "Жигулилердің" бірі екен.



Протозанов және Мызы көшелері қиылысының маңында Mercedes-Benz пен Toyota Mark 2 маркалы автокөліктер соқтығысты.



Дәл осы уақытта Ворошилов көшесі басталатын тұста, Полиция Департаменті ғимаратының жанында тағы  бір жол-көлік оқиғасы болды.  Mitsubishi, Subaru және Mercedes-Benz автокөліктері соқтығысып қалыпты. Бұл жерде Mercedes-Benz  үшінші жолақта келе жатып, екіншіге ауыспақ болған кезде Subaru-ға соғылады. Соққыдан бірінші жолаққа қарай шығып кетіп, онда Mitsubishi-ді іліп кеткен.



Бүгін болған жол-көлік оқиғалардың барлығына ауа райы себеп болған көрінеді. «Темір тұлпарды» тағалайтын уақыт келген секілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив