Жолдарда 50 шақырым сайын асхана ашылады
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Қазақстанда халықаралық дәрежедегі жолдардың бойында 50 шақырым сайын жанармай бекеті орналасады. ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Bnews.kz сайтына сілтеме көрсетіп.
– Халықаралық стандартқа сай, әр 50 шақырым сайын жанармай бекеті және асхана орналастырылады. Ал 150 шақырым сайын шағын қонақ үйлер мен техникалық жөндеу орындары ашылады, – деді А.Беков.
– Жол бойындағы нысандарды жөндеуге көптеп назар аударылуда. Жыл аяғына дейін нысандардың 45%-ын халықаралық стандартқа сай етіп жасақтамақпыз, – деп жалғады сөзін А.Беков.
Амангелді Беков одан бөлек IRU Transpark, Google Maps, Яндекс Картасы сынды цифрлық карталар арқылы жол бойындағы нысандар туралы ақпарат алуға мүмкіндік болатындығын айтты.