KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 2 м/с, З
450.79 482.21 5.05

ШҚО-да суармалы жерге тартылған 20 млрд теңгенің инфрақұрылымы игерілмеген

29.07.2018, 09:55 143

Соңғы 4 жылда суармалы жерлерге 20 млрд теңгенің суару жүйесі тартылған. Алайда мемлекет қаржысына тартылған сол инфрақұрылымды ел игілігіне жарата алмай отыр.


Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің басшысы Ислам Әбішев айтты. Көкпекті ауданында өткен-семинар кеңеске суармалы алқап иелері мен жергілікті сала басшылары қатысқан болатын.


Ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес, 2020 жылға қарай Шығыс Қазақстанда 92 мың гектар суармалы жердің шаруалардың игілігіне берілуі қажет. Одан кейінгі кезеңде 200 мың гектардан астам алқапқа қажетті инфрақұрылым тарту көзделген. Республика бюджетінен қомақты қаржы бөлініп, инфрақұрылым тартылып жатқанымен, суармалы жерге кетпен түспей тұр. Семинарда осының себеп-салдары талқыланды.  Су ресурстары комитетінің мәліметі шынымен ойланарлық. Суару жүйесімен қамтылғанына қарамастан, қаңсып жатқан алқап мыңдаған гектарға жететіні айтылды. Тарбағатай ауданында - 4575 га, Үржар ауданында - 8,5 мың га, Жарма ауданында - 789 га алқап игерілмей жатыр. Ал Зайсан қаласының маңайындағы 1855 гектар алқапқа суару магистралі тартылғанымен, оның тек 100 гектары ғана ел игілігіне берілген екен.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив