KZ
Өскемен
+33°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
474.83 515.38 5.5

Өскемендегі «Үміт» балалар үйінің түлегіне пәтердің кілті берілді

25.06.2018, 02:40 213

«Ертіс концерт» орталық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Елге қызмет етіп жүрген азаматтарды облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова құттықтады. деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


-Мемлекеттік қызмет дегеніміз ең алдымен ұлтқа қызмет ету, және де бәрінен де жоғары. Бұл - Елбасының даму стратегиясындағы басты қағидаттардың бірі. Бүгінгі таңдағы мемлекеттік қызметшілер кабинеттерде отырған шенеуніктер емес, бұл - үлкен жауапкершілікті сезінетін, ұлт мүддесіне қалтқысыз қызмет ететін жаңа кәсіби аппарат. Біз еліміздің игілігіне қызмет етіп жүрген азаматтарымызды мақтан тұтамыз, - деді Әсем Бекқызы өз құттықтауында.


Облыста жеті мыңнан астам мемлекеттік қызметші болса, олардың 1400-і ауылдың атқамінерлері. Барлық қызметшілердің 30 пайызы жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар. Мемлекеттік қызметшілердің арасында үш ғылым докторы, он алты докторлыққа кандидат, «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген 13 жас маман бар. Жиырма сегіз шенеунік «Құрмет» орденінің, 22 азамат «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.


Әріптестерін төл мерекесімен құттықтаған Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы қызметтерінде ерекшеленген үздік мемлекеттік қызметшілерге департаменттің Құрмет грамотасын тапсырды.


Салтанатты жиында Шығыс Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы Мұқтар Төлегенұлы өздерінің қамқорлықтарына алған «Үміт» балалар үйінің түлегі Диана Биғалиеваға пәтердің кілтін тапсырды. Ұжым қызметкерлері ата-анасының қарауынсыз қалған қызға 2012 жылдан бері қамқор болып келеді.


Кеш барысында облыстың шығармашылық топтары мемлекеттік қызметшілерге арнап ән мен жырдан шашу шашты

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив