KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 1,4 м/с, ОБ
448.81 476.82 4.77

Тарбағатай ауданында бензин бағасы неге 180 теңгеден?

23.05.2018, 12:05 230

– Тарбағатай ауданында, оның ішінде Ақжар ауылында бензиннің бағасы неге қымбат? Мәселен, Ақжардың өзінде төрт жанар-жағармай құю стансасы бар, төртеуінде де бензин бағасының литрі 180 теңгеден. Ал көршілес Зайсан ауданында ондай қымбат емес.


Ерік Хасенов, Ақжар ауылы,


Тарбағатай ауданы.


 


Сауалға Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мерей Қайырбеков жауап береді:


– Энергетика министрлігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі №350 бұйрығына сәйкес мемлекеттік реттеу тек АИ-80 бензиніне ғана белгіленген.


Аудан халқын жанар-жағармай өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Ырғызбай ауылдық округіне қарасты «Боғас» бекетінде «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-і және аудан көлемінде жеке кәсіпкерлердің 16 жанар-жағармай құю стансалары қызмет көрсетеді.


«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-нің жанар-жағармай құю стансасы аудан орталығы Ақсуат ауылынан 67 шақырым, Ақжар ауылынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан.


Ауданның жанар-жағармай құю стансаларының иегерлері аталған өнімдерді топтап босататын мұнай қоймаларынан өнімдерді тасымалдайтын арнайы жүк көліктерін жалға алуы себепті мұнай қоймалары тасымалдау қызметі үшін жанар-жағармайдың сатылым бағасына 1 литріне 6-7 теңгеден үстеме қосылуы және стансаның басқа да қызмет көрсетуі, жарықтандыруы, жұмысшылардың еңбекақысы сияқты шығындары бағаның қосылуына әсерін тигізетіндігін түсіндіруде.


Ақжар ауылындағы төрт жанар-жағармай құю стансалары иегерлерімен арнайы жұмыстар жүргізіліп, АИ-92 бензинінің 1 литрі 180 теңгеден 175 теңгеге, яғни 2,8 пайызға арзандағанын хабарлаймын

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив