KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.37 532.94 5.09

Ерекше мамандарды жұмысқа қабылдаса, мемлекеттен субсидия алады

3.04.2018, 03:33 171

Облыстық «Техникалық және кәсіптік білім беру орталығының» басшысы Ришат Рамазанов, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының өкілдері, қала кәсіпорындарындағы жұмыс берушілердің қатысуымен дөңгелек үстел өтіп, онда мүмкіндігі шектеулі жастарды әлеуметтендіру, қолдау мәселелері кеңінен сөз болды.


Ришат Сағибекұлының айтуынша, биылғы оқу жылында өңіріміздегі колледждерде мүмкіндігі шектеулі кәмелет жасына дейінгі 265 студент білім алып жүр. 211 студент, яғни басым бөлігі мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінген төрт колледжде аспаз, тігінші,  сылақшы, ағаш ұстасы, тас қалаушы мамандықтарында оқиды. Олар – «Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі», «Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі», «Өскемен көпсалалы колледжі» және «Глубокое техникалық колледжі». Ал қалған 54 студент Өскемен, Семей, Аягөз, Риддер, Үржар, Зырян, Самардағы колледждерде білім алуда.


Мүмкіндігі шектеулі студенттердің ел қатарлы білім алуына барынша жағдай жасалып, қайырымдылық, әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Колледж шәкірттері ыстық тамақпен, медициналық көмекпен қамтылған.


-Мемлекеттік білім стандартына сәйкес, стипендия мөлшері 16659 теңгені құрайды, ал мүмкіндігі шектеулі студенттердің шәкіртақысы 29329 теңге. Білім беру мекемелері ерекше білімді қажет ететін студенттерді әлеуметтендіру, оқуына қолайлы жағдай жасау, тәжірибеден өтіп, әрі қарай жұмысқа орналасуы үшін әлеуметтік серіктес кәсіпорындармен жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі студенттер тәжірибеден өтетін кәсіпорын олардың жүріс-тұрысына қолайлылығы, яғни физикалық жағдайы ескеріліп таңдалады,-дейді техникалық және кәсіптік білім беру орталығының әдіскері Әлия Шәкерова.

Аталмыш санаттағы студенттер арасында ән айтып, би билейтін, өлең шығаратын талантты жандар аз емес. Олар өздері оқитын білім шаңырағындағы қоғамдық, мерекелік шараларға, сонымен қатар түрлі қалалық, облыстық, тіпті республикалық деңгейдегі байқауларға да қатысып, жүлделі орындар алып жүр. Денсаулығындағы ақауы жеңіл жағдайдағы студенттер үшін колледждің ақылы бөлімдерінде елу пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Биылғы оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беретін 83 мекеме жұмыс істейді. 54 колледжде даму мүмкіндігі шектеулі студенттердің білім алуына барынша жағдай жасалған, кіре берісте пандустар орнатылып, тайғанамайтын төсеніштер төселген. Ал барлық жағдай толығымен қамтылған үш колледж арнайы санитарлық тораптармен жабдықталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив