Сенім қағидасы бойынша таратылады
Катонқарағай ауданында «Нанды тегін ал» акциясы басталды. Осыдан бастап аудан тұрғындары әр сенбі сайын өтетін жәрмеңкеде тегін нан алатын болады.
Аудан әкімінің бастамасымен қолға алынған акцияның басты мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы жанұяларға, зейнеткерлерге көмек көрсету.
«Егер мұқтаж болсаңыз, нанды тегін алуыңызға болады» деген жазуы бар нан қораптарын сенбі күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінен көруге болады. Осымен екінші рет ұйымдастырылған жәрмеңкеде 150-ге жуық нан тегін таратылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, нан сенім қағидасы бойынша беріледі.
– Ешқандай құжат талап етпейміз. Отбасылық жағдайын түсіндірген адамдарға нанды тегін береміз. Алдағы уақытта бұл әлеуметтік акцияны аудандағы жеке кәсіпкерлер жалғастырады деп сенеміз, - дейді ұйымдастырушылар.
Оқи отырыңыз