KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
444.79 481.04 4.95

Ольга Рыпакова Олимпиадалық стипендия иегері атанды

31.01.2018, 08:06 181

«Олимпиадалық ниеттестік» бағдарламасы аясында 24 қазақстандық спортшы олимпиадалық стипендия иегерлері атанып отыр. Бұл тізімге жерлесіміз, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да кірді.


Халықаралық Олимпиада комитеті іріктеп алған спортшылар 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының қатысушылары ретінде биылғы 1 қаңтардан бастап ХОК-тың қосымша қаржыландыруына ие болмақ.


Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, олимпиадалық стипендия алатындар қатарында даңқты жеңілатлет Ольга Рыпакова да бар. Сонымен қатар бұл тізімге Назым Қызайбай, Галбадрах Отгонцэцэг, Елдос Сметов, Василий Левит сынды саңлақтар енген-ді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив