KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, В
464.72 496.32 5.4

Спорт сарайының айналасындағы көлік тұрақтары кеңейтілетін болды

18.05.2017, 18:00 87



Өскемендегі Спорт сарайының айналасындағы көлік тұрақтары кеңейтілетін болды. Ал Тәуелсіздік даңғылына келер жылы жаңа асфальт жабыны төселуі мүмкін.

Облыс әкімі Даниал Ахметов қала көшелерін абаттандыруға қатысты өткен жиында осындай тапсырма берді.

Спорт сарайының Үлбі өзені жағындағы қапталына асфальт жабыны төселіп, көлік тұрағы ретінде қолданысқа беріледі. Сарайдың Красин және Абай көшелеріне шығар тұсынан да дәл осындай тұрақ ашу көзделген. Бұл тұрақтар ғимаратта өтетін ірі шаралар кезінде көлік кептелісін болдырмайды.

Облыс басшысы бұл шағын жоба қаланың аталмыш бөлігіндегі қордаланған мәселені шешетінін айтып, қажет болса, қосымша қаржы бөлуге болатынын ескертті.

Есімжан Нақтыбайұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив