KZ
Өскемен
+17°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, ОШ
450.79 482.21 5.05

«Нұр Отан» партиясының ХVІІ сезіне қатысатын делегаттар сайланды

24.01.2016, 18:00 157



Өскеменде ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саяси кеңес отырысында 29-қаңтарда Астанада өтетін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІІ съезінің делегаттарын сайлау туралы мәселе қарастырылды.

Іс-шараға партияның облыстық және аумақтық филиалдары саяси кеңестерінің мүшелері, мәслихаттар депутаттары, өңірдегі бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Нұр Отан» партиясы ХVІІ съезінің жұмысына қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысынан 44 делегат сайланды.

Делегаттар құрамына мәслихаттардағы партияның депутаттық фракцияларының жетекшілері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, сондай-ақ, партия ардагерлері мен белсенділері енді.

- Біз партияның тарихи съезіне қатысатын делегаттар тізімін бекіттік. Сіздермен бірлесе отырып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алдымызға қойып отырған асқаралы міндеттерін іске асыратынымызға кәміл сенемін, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Даниал Ахметов.

Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив