KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 4 м/с, З
448.81 476.82 4.77

Мен алғаш дауыс беремін - менің дауысым маңызды

5.04.2015, 18:00 406



Бүгін күн тәртібінде тұрған кезектен тыс Президенттік сайлау - ертең әрбір қазақстандықтың өмірінде тарихи сәт болып қалатыны сөзсіз. Сайлауға бір адамдай қатысуға барынша ат салысып жүрген студент жастар бұл күннің мән-маңызын түсініп те, сезініп те үлгерген. Нақтырақ айтсақ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Студенттік Парламент ұйымы «Мен алғаш дауыс беремін - менің дауысым маңызды» ұранымен жас сайлаушылар форумын өткізді.

Туған елге деген сүйіспеншілікті насихаттау және жастардың сайлауға қатысудың маңыздылығын түсіндіруді көздеген іс-шарада Президенттік сайлауға алғаш рет қатысқалы тұрған студенттер белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті.

Мен алғаш дауыс беремін - менің дауысым маңызды

Форум барысында баяндама жасаған филология факультетінің 1-курс студенті Сымбат Сәрсембаева сайлауға қатысу - әрбір қазақстандықтың міндеті екенін тілге тиек етті. Ал, Студенттік Парламент спикері Төлеуханов Айдос жастарды толыққанды дауыс беруге шақырып, жас сайлаушыларға үндеу тастады: «Біз, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттері Президенттік сайлауды өткізу туралы бастаманы қолдаймыз. Кезектен тыс сайлау өткізу - қоғамда тұрақтылық пен бірлікті сақтауға жағдай жасайды. Бұл - алға қойған міндеттерді тиімді іске асыру, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін маңызды қадам деп ойлаймын. Сондықтан да бұл сайлауды студент жастар асыға күтуде».

Нұрсұлу Саветқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив