KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2,9 м/с, ОШ
442.85 480.32 4.94

Енді халықаралық келісімдер қазақ тілінде жасалатын болады

15.01.2014, 18:00 230



ҚР Парламенті Сенатының бүгінгі пленарлық отырысында өзге елдермен мемлекеттік тілде екіжақты келісім жасау тұжырымын түзетуге байланысты «Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттар жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Aynaline.kz порталы халықаралық КазТАГ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Парламент мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің тұжырымдамасында: «ҚР мемлекеттік тіл және өзге тілдер туралы келісімге екіжақты халықаралық келісім тұжырымдамасын қарау барысында «ҚР Халықаралық келісімшарттар туралы» және «ҚР Тілдер туралы» Заңдарға өзгеріс енгізілді» деп көрсетілген.

Осылайша, халықаралық келісімшарттар жасауды жоспарлау жүйесін енгізу көзделуде. Сондай-ақ «ҚР халықаралық келісімшарттар туралы» заңда ҚР ұлттық мүддесіне сай келмейтін, ұлттық қауіпсіздікке зиянын тигізетін немесе ҚР тәуелсіздігін жоғалтуға әкелетін халықаралық келісімшарттарды бекітуге жол бермейтін нормаларды бекіту жоспарлануда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив