KZ
Өскемен
+17°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, ОШ
450.79 482.21 5.05

Жемқор полицейлер Шығыс Қазақстанда әшкереленді

12.12.2013, 18:00 115


Үстіміздегі жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа байланысты 102 қылмыс тіркелді. Коррупцияға қатысты қылмыстарды көбінесе облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері жасайтыны анықталған. Бұл жайында облыс әкімі аппараты құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Мұхтар Құмаров баяндады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚ облыстық мәслихатының кезекті ХVІІ сессиясында сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 66 пайызға артқаны айтылды. Коррупцияға қатысты қылмыстарды көбінесе ішкі істер департаментінің қызметкерлері жасайтыны анықталған. 2013 жылдың алғашқы 9 айында полицейлер қолымен жасалған 17 қылмыс әшкерленді. Одан кейінгі орындарды сот актілерін орындау департаменті (7 дерек) мен қылмыстық атқару жүйесі департаментінің (3 дерек) қызметкерлері иеленеді.

Ағымдағы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәртіптік жауапкершілікке 96 лауазымды тұлға тартылған, олардың ішінде коммуналдық шаруашылық және құрылыс саласының 16 маманы, 15 аудандық, ауылдық әкімдіктер қызметкері, 14 мектеп директоры бар.

– Коррупциямен күрес бағытындағы ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ширатып, түсіндірме семинарларын жиі өткізу керек. Ондай жиындарға құқық қорғау, прокуратура органдарының және бизнес құрылымдарының өкілдерін көптеп тартқан жөн. Кәсіпкерлікті дамытуға тұсау болып отырған түрлі әкімшілік кедергілерді азайтуға осындай бірлескен іс-шаралардың да тигізер пайдасы мол, – деп пікір білдірді аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев жиында.

Ержан Әбіш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив