b]Ағымдағы жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысында 1126 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 134 адам қаза болды, 1429 адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясының баспасөз мәлімдемесіне сілтеме жасап.[/b]
2012 жылмен салыстырғанда облыс бойынша оқиға саны 50,7%, жарақат алғандар саны -55,7% өсті. Қаза болғандар саны 13,5% төмендеп отыр.
21 – 27 қазан аралығында жалпы республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы жүріп жатыр. Аталған шараның мақсаты – жол-көлік оқиғалары кезіндегі апаттылықты тұрақтандыру, олардың салдарын төмендету.
Осы шара аясында жол қозғалысына қадағалау және жол-көлік оқиғаларының орын алуына әкеліп соғатын Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықты анықтау бойынша жұмыс белсендірілген.
Жол полициясы жол қозғалысына қатысушыларды көлік тәртібін сақтауға шақырады.