Семей қаласында жылу маусымы уақытында басталады. Президент жанындағы орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
«Мен жуықта ғана Семей қаласында болдым. Жылу нысандарының барлығы кестеге сәйкес әзірленіп жатыр. Қала тұрғындарына жылу 15-қазаннан кешіктірілмей беріледі» деді аймақ басшысы басқосуда.
Өңір басшысы өткен жылы Семейдің жылу блоктарында айтарлықтай апаттардың болмағанын, биыл да төтенше жағдайдың орын алмайтынын жеткізді.
«Бүгінде дайын емес қазандықтардың барлығы резервтік нысандар. Ридер, ХЗырян, Өскемен қалаларында жылуға қатысты жұмыстар кестеден кешікпей жүргізілуде және жылу уақытында беріледі» деп атап өтті әкім.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің баспасөз қызметі Риддер мен Семей қалаларын жылу маусымына дайындықтары нашар қалалардың тізіміне қосқан болатын.
Сондай-ақ ведомствода шығысқазақстандық жылу көздерінің жөндеу жұмыстары кешеуілдеп жатқанын айтқан.