KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 1 м/с, С
457.98 490.86 5.26

Зырян ауданының іскер әйелдер клубы зейнеткерлік жасын ұзартуға қарсы

15.03.2013, 18:00 94


Зырян ауданында іскер әйелдердің клубы өз жұмысын бастады. Алғашқы отырыста қыз-келіншектер БАҚ құралдарында хабарланған әйел адамдардың зейнеткерлік жасын ұлғайту мәселесін талқыға салды , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Клуб мүшелері бүгінгі таңда зейнет жасын ұзарту жайлы сөз қозғау ертерек деген шешімге келді. Клубтың құрамында негізінен басшы әйелдер болғандықтан, олардың әрқайсысы өз ұжымының пікірін білдірді. Халық мұндай өзгерістерге әлі дайын емес.

Отырыста ҚР Парламенті Мәжілісі мен Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігіне іскер ханымдар өз ойларын білдірген хат-үндеу қабылдады.

Клуб мүшелері нәзік жандарды өз құқықтары үшін өркениетті түрде күресуге, қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтірмеуге шақырды

Аудандық мәслихаттың хатшысы Галина Денисова БАҚ құралдарында жарияланған бастама әзірге тек жоба екенін, зейнеткерлік туралы Заң жобасының әлі бекітілмегенін атап өтті.

Сол себепті іскер әйелдер клубы осы мәселеге қатысты өз пікірлерін білдіргісі келетіндер үшін үйлестіруші қызметін ұсынады. Өз пайымдауларын кез-келген адам мына электронды мекенжайға жолдауына болады: kdg_zyr@mail.ru.

Сондай-ақ клубқа басқа да проблемалар бойынша хабарласуға болады.

Оксана Сосновская,
Сурет автордікі.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив