лімізде қоғамдық құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында «STOPҚылмыс» акциясы басталды.Аталмыш акция «Нұр Отан» партиясының тікелей бастамасымен қолға алынып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Осыған байланысты «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында дөңгелек үстел болып өтті. Жиынға қатысқан ішкі істер органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
– Тұрғындардың санасында ұсақ құқық бұзушылыққа байланысты мүлдем төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру үшін «STOPҚылмыс» акциясын бастап отырмыз, – деді «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Түсіпбеков.
Ал облыстық ІІД бастығының орынбасары Б.Аяғанов былтыр аймағымызда 39 мыңға жуық ұсақ құқық бұзушылық анықталғанын айтты. Ол сонымен қатар, үкіметтік емес және жастар ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде өңірдегі қылмыстық ахуал оңала бастағанын жеткізді.