KZ
Өскемен
+25°
пасмурно жел 5,8 м/с, СБ
465.28 499.2 5.33

Құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту қажет

6.06.2012, 18:00 187


Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті.

Комиссия мәжілісінде Шығыс Қазақстандағы қылмыстық жағдайға және шекаралық аудандардағы қоғамдық тәртіпті нығайту жұмыстарына қатысты бірқа-тар өзекті проблемалар талқыға салынды.

Күн тәртібіндегі басты мәселе аймағымыздың өзге елдермен шектесетін аудандарындағы мемлекеттік және құқық қорғаушы органдардың өзара іс-қимылы болды. Осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы Асқар Ақшаев баяндама жасады.

– Шығыс Қазақстанның шекаралас өңір екенін білесіздер. Облысымыз Қытай және Ресей мемлекеттерімен шектеседі, шекараның жалпы қашықтығы – 2100 шақырым. Ел шебіне берік күзет қойылған, дей тұрғанмен көңіл бөлерлік мәселелер де жоқ емес, – деген облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ кеңеске қатысушылардың назарын аса маңызды жайттарға аударды.

Комиссия мәжілісінде, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының еңбекпен түзету колонияларында жазаларын өтеген тұлғалармен жүргізетін жұмыстары туралы мәселе қарастырылды. Мұндағы негізгі міндет – сотталғандардың түрмеге қайтадан түсуін болдырмау. Атқарылып жатқан шаралар жайында облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Рашид Жақыпов мәлімет берді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив