KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Жалған хабарлама жасағаны үшін жазаланатын болды

7.05.2012, 18:00 124


Жуықта «102» каналға қоңырау шалған белгісіз әйел Өскемен қаласы Әуезов даңғылындағы үйлердің бірінде бомба қойылғанды туралы хабарлаған-ды.

Полиция қызметкерлері бұған дейін денсаулыққа ауыр зиян келтіріп үш жылға бас бостандығынан айрылған 43 жастағы әйелді анықтады. Гүлнар былтырғы наурыз айында босап шыққан.

Оның ішімдік ішкені анықталды. Артық ішілген ішімдік оның санасын улап, есінен айырған тәрізді. Темір торды сағынды ма кім білсін Гүлнар жалған айтып жаңылыс тапты. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 242-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) жазасының күшейтілгендігінен бейхабар болса керек, дейді КТК арнасы.

Тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызған Гүлнарды терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасағаны үшін екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив