KZ
Өскемен
+28°
переменная облачность жел 1 м/с, С
475.03 517.21 5.44

Шығыстың сәулет-дизайнерлік мектебі

11.03.2012, 18:00 232


Өскемен құрылыс-жол институты дамуының алғашқы жылдарынан-ақ қалыптаса бастады. Бүгінде сәулет мектебі қалыптасқан және болашақ сәулетшілер мен дизайнерлер Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ қабырғасынан түлеп ұшып, жолдама алып жатыр. Осы және басқа жайында Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағының мүшесі, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ сәулет-құрылыс факультеті деканының орынбасары, сәулет ғылымының кандидаты Азамат Әбдірашов сөз қозғайды.

– Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ӨҚЖИ-да сәулет, кейіннен сәулет-құрылыс факультеті ашылғаннан бас-тап жиырма мыңнан астам мамандар даярланды. Факультет түлектері мен қызметкерлері әлемнің көптеген елдерінде жемісті еңбек етуде. Сонымен қатар, олар университетпен байланысын үзген жоқ. Олардың арасында есімдері көпшілікке мәлім сәу-лет докторы Анатолий Сидоров, Константин Кияненко, өнертану докторы Владимир Сидоров, сәулетші Любин және ғылым, сәулет пен өнердің басқа да құрметті қайраткерлері бар.

– Қазіргі заман сәулетшісі: оның біліктілігіне деген талап, оның өмірлік көзқарасы, оның келешегі.

Шығыстың сәулет-дизайнерлік мектебі – Қазіргі заман сәулетшілері бұрынғы дәуір сәулетшілері сияқты арманшыл болуға міндетті, керек десеңіз, ол – болашақ ұрпақтың қамын ойлайтын ғылыми фантас болу керек, себебі оның жасаған дүниелері болашаққа жұмыс істеуі қажет және қоғам оларды ондаған жылдар пайдаланады. Сәулетші мен дизайнердің икемділігі мен қабілетіне тек қана композициялар, мүсіндер, суреттер мен көркем суреттер сияқты негізгі білімдері ғана кірмеуі керек, олар сонымен қатар, құрылыстық өндірісті, материалтануды, конструкцияларды, жаңа технологияларды және экономикалық есеп-қисапты жетік білулері керек. Себебі мамандық атауының өзі «бас құрылысшы» деп аталады және бұл жерде білімсіздікке жол жоқ.
Біздің студенттеріміз ғылыми жұмыстар, дипломдық жобалар, шеберлік кластар, конкурстарға тұ-рақты түрде қатысады және жыл сайын форумдарда жоғарғы нәтижелер көрсетеді. Бұл – біздің сту-денттеріміз бен түлектеріміздің жоғарғы дәрежедегі дайындығының тек қана республикалық деңгейде емес, сонымен қатар, жалпы әлемдік деңгейде екендігі туралы айтыла-тындығы. Сәулет мектептерінің ұстаздарының халықаралық қауым-дастығының үздік дипломдық жобаларының жыл сайынғы байқау жарыстарында барлық дәрежедегі дипломдарды ұтып алады. Бұл жарыстарға ТМД-дағы және алыс шетелдегі ең атақты сәулет өнерінің ең жоғары оқу орындары қатысады.

– ШҚМТУ базасында сәулетшілерді дайындау мүмкіндіктері: кадрлар, зертханалар, шеберханалар және жетістіктер.

– Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «сәулет» және «дизайн» мамандықтары бойынша бакала-врлар мен магистрлер дайындалады. «Сәулет» және «Дизайн» кафедрасы «Сәулет өнері және қала салу» және «Сәулет өнері ортасының дизайны» кафедраларының бірігуімен 2001 жылдың қыркүйек айында құрылды. Сабақтарды «Сәулет және дизайн» кафедрасының тәжірибелі профессорлары, доценттері, аға оқытушылары және оқытушылары жүргізеді. Олар: Анатолий Скалабан, Михаил Козлов, Вера Наумова, Сергей Комлев, Виктор Дорохов, Мария Бендер, Мұхтархан Әмірханов, Галина Телятникова және басқалары.
Оқып үйренушілердің дені Қазақстанның Шығыс өңірінен, негізін Өскемен, Павлодар, Семей, Риддер, Зырян қалаларының студенттері құрайды. Кафедраның төрт филиалы бар. Бұлар: «Ренессанс» студиясы, «Орталық» ОҒӨБ, «Шығысакадемжоба» институты, «Өскеменсәулетқоры» ТДО ТПО, «Архимас» ЖШС. Мамандарды даярлау «Сәулет физикасы», «Киім дизайны» оқу зертханаларының негізінде жүзеге асады. Интерактивтік жобалаудың жалпы залы мен «Диарх» орталығында нақты тапсырыстар бойынша шығармашылық жобалар жасалады. Бұған кафедраның тәжіри-
белі профессорлық-оқытушылық құрамының жетекшілігімен сәулет-дизайнер мамандықтарының сту-денттері белсенді түрде қатысады.
Жобалық шешімдердің қатарына студенттер қалашығының және «Алтай» технопаркінің, қаланың сол жақ жағалауындағы құры-лыстардың, муниципалды тұрғын үй жобаларының, заманауи тұрғын үй кешендері мен қызмет көрсету нысандарының жарқын болашақтағы дамуы кіреді. Болашағы бар жобалар қатарына қала және облыстың әртүрлі нысандары, ғылыми қала-шық инфрақұрылымының элементтері университетпен ынталы негізде қызығушылығы бар ұйымдардың тапсырысын орындау кіреді.
Кафедраның жетекші оқушыларының басшылығымен Комен-дантка өзенінің арнасын абаттандыру жобасы, «Простор» спорттық-сауықтыру лагерінің VIP қалашығының жобасы жасалды. АЕС ӨСЭС тапсырысы бойынша Өскемен СЭС-нің сәулеттік-көркемдік шешімі, станция машина залының интерьерлері жасалынды.
Сәулет өнеріндегі және дизайндегі креативтік технологиялар зертханасы курстық жобалау негізінде, сонымен қатар, келісімшарт негізінде бірқатар тапсырыстарды орындады: қаладағы жарыстар мен мерекелерді безендіру, киімдер тігу, профессорлық және магистрлік мантиялардың эскиздері. Зертхана заманауи технологиялық құрылғылармен, әлемдік жетекші өндірушілердің әмбебап тігін машиналарымен жабдықталған. Университеттің озық зертханалары көрсетілімдерінің қорытындысы бо-йынша жаңа құрылғылар сатып алуға сертификат алынды.
Шығармашылық ізденістер қорытындыларын нарыққа шығару мақсатында университеттің сайтына орналастыру үшін сәулет дизайнерлік әрекеттегі маңызды бағыт бойынша жобалық ұсыныстар галереясы даярланды, жоғары оқу орнының бас корпусының колонналық залында көрме ұйымдастырылды. Көрмені әртүрлі қазақстандық және шетелдік делегация тамашалайды.
Көлемді жобаларды іске асыру білім сапасын көтеруге, оқытушылардың біліктілігін арттыруға, мамандарды кең көлемде серіктестікке тартуға мүмкіндік береді.
Бұл университет басшылығының жан-жақты қолдауы арқасында және жеке алғанда ректор Нұрлан Темірбековтің Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да сәулет өнері мен дизайнерлік білімді дамытудағы көмегінің арқасында мүмкін болып отыр. Республикалық және халықаралық жарыстардағы әр жеңіс сый-сияпатсыз қалмайды. Кафедра заманауи компьютерлік және ақпараттық ресурстармен жабдықталып отырады. Тұрақты түрде талапкерлерді сәулет өнері мен дизайн мамандықтарына тарту акциялары өткізіліп тұрады. Заманауи оқу процесін жетілдіру, терең дайындық пен сапа, тәжірибелік базаны кеңейту қала мен облыс кәсіпорындарындағы кафедраның филиалдарын қолдау арқылы жүзеге асырылады. Мұның бәрі көңілге сенім ұялатады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив