KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 3 м/с, З
475.03 517.21 5.44

ШҚО ІІД бастығы Рашид Жақыпов: Алаңдауға негіз жоқ

20.12.2011, 18:00 199


ШҚО ІІД бастығы Рашид Жақыпов:

– Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысындағы криминогендік жағдай қалыпты. Ішкі істер департаменті аппаратының жеке құрамы мен өңірлік ішкі істер органдары күшейтілген жағдайда жұмыс істеуде. Елді мекендердегі қоғамдық орындар мен көшелерде автопатрульдер мен нарядтардың қатары көбейтілді. Бұл – мерекелік және басқа да қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу кезінде қолданылатын тәжірибе.

Өткен мерекелік күндерде тіркелген құқық бұзушылықтар мен қылмыстар саны облысымызда басқа күндермен салыстырғанда аз болды. Ішкі істер органы құқық қорғау құрылымдары және жергілікті басқару органдарымен бірлесіп, жағдайды бақылауда ұстауда.

Шығысқазақстандықтардың өмірінің тұрақтылығын бұзатын, сонымен қатар қандай да бір төтенше оқиғалар орын алған жағдайда облыстағы полицейлердің жедел әрекет етуіне күші мен қажетті құралдары жеткілікті. Дәл қазіргі уақытта азаматтардың алаңдауына ешқандай негіз жоқ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив