KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
473.15 515.12 5.4

Акцентсіз сөйлейміз деп тіліміздің табиғатын бұздық – ғалым

27.04.2023, 21:22 260 ALTAINEWS

Белгілі ғалым Ербол Тілешов екі тілді бірдей біледі дегенге келіспейтінін айтты.

Тіл саясаты комитетінің төрағасы, ғалым Ербол Тілешов «Оян» бағдарламасында латын әліпбиіне көшу туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты. 

«Қазақ орысша акцентсіз, таза сөйлейді деп айтамыз. Бірақ сол орысша акцентсіз сөйлеудің құнын біз төледік. Қалай төледік? Біз тіліміздің әуезділігін, бейнелілігін, қоңыр үнін кемітіп алдық. Орысша сөйлеу кеңес заманы тұсында зор мәртебе болды ғой, тіпті қазіргі кей азаматтардың арасында да бұл ұғым кездеседі. Адам 2 тіл білсе де, 10 тіл білсе де, негізгі тілі біреу ғана болады. Екі тілді бірдей біледі дегенге мен келісе алмаймын. Біздің психологиямыз, физиологиямыз оны көтере алмайды. Қазір балаларымыздың көбінесе өз ана тілінде сөйлемеуі – сол инерцияның, стереотиптің жалғасуы. Ал латын әліпбиі осындай нәрселерге серпін беру керек», деді ол.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив