ШҚО әкімі православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады
Облыс әкімінің парақшасынан алынған сурет
Өңір басшысы Ермек Көшербаев православиелік христиандарды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бұл мейрам жақсылық, махаббат, қайырымдылық, жақыныңа қамқор болу сияқты ізгі қасиеттерді ғасырлар бойы дәріптеп келеді. Елімізде рухани-адамгершілік құндылықтардың және конфессияаралық келісімнің нығая түсуіне ықпал етуде. Қазақстанның православ христиандары бір шаңырақ астында қатар өмір сүріп жатқан өзге діни сенім өкілдерімен бірге мемлекетіміздің дамуына, елдің береке-бірлігінің артуына зор үлес қосып отыр.
Рождество миллиондаған адамның шаңырағына қуаныш сыйлайды. Бұл күні баршамыз ізгі істер көп атқарып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге, қайырымдылықпен айналысуға ұмтыламыз. Барлық шығысқазақстандықтарға мықты денсаулық, мол бақыт, қолға алған игі бастамаларына сәттілік пен табыс тілеймін, - деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.