KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Зайсанда Fokker 50, Bombardier CRJ-100/CRJ-200, Embraer EMB 120ER ұшақтары ұшып-қонатын болады

26.04.2023, 10:05 407

Зайсан қаласының қазіргі әуежайы 1979 жылы салынған, ұшу-қону жолағының ұзындығы 1 500, ені 35 метр. Сағатына 50 жолаушыға арналған әуежай ғимараты және әуе кемелеріне қызмет көрсетуге арналған басқа нысандары бар.

Алайда іске қосылған сәтінен бастап, әуежайдың элементтері мен құрылыстарына ірі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген-ді.  Осыған байланысты, қазіргі уақытта кешенді қайта жаңғырту мәселесі қарастырылуда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Зайсан ауданының әкімдігі әуежайды жаңартып, кеңейтуге жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауды бастады. 

 

– Жоба шеңберінде Fokker 50, Bombardier CRJ-100/CRJ-200, Embraer EMB 120ER және басқа да әуе кемелерін пайдалану үшін ұшу-қону жолағын 2 100 метрге дейін ұзарту көзделеді. Сонымен қатар қосымша тұрақ орындарын салу, жарық сигналдық жабдықтар жүйесін орнату, әуежайдың өткізу мүмкіндігін сағатына 100 жолаушыға дейін ұлғайту, ұшуды жүзеге асыру қауіпсіздігіне әсер ететін жұмыстардың басқа да түрлерін орындау жұмыстары жоспарлануда, – дейді Зайсан қаласы әуежайының әуежай коменданты Ермек Тұрсынов.

Қайта жаңарту жұмыстарын 2025 жылға дейін толық аяқтау көзделген.

Бүгінгі таңда Зайсан ауданы тұрғындары үшін әуежайдың қызметі аса жоғары маңызға ие. Өйткені шекара шебінде тұратын халыққа жыл бойы субсидияланатын «Өскемен – Зайсан – Өскемен» әуе рейстерінің қызметтері қолжетімді әрі тиімді. Бұл қызметті бүгінгі таңда облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ұйымдастырып отыр.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу