KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
503.44 593.35 6.55

Жалған ПТР тестін қолданған Семей тұрғыны сотталды

30.09.2021, 14:19 263

Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері жалған ПТР-тестті қолдану фактісін анықтады. Жалған құжатты Семей қаласының 32 жастағы тұрғыны өзі жұмыс істейтін қаланың кәсіпорындарының біріне көрсету үшін пайдаланған екен.

Белгілі болғандай, шілде айында аталған азамат ақшалай сыйақы беру арқылы белгісіз тұлғалардан қаланың зертханаларының бірінің атынан рәсімделген теріс нәтижесі бар тестті үш рет сатып алған.

"32 жастағы күдіктінің бұл әрекеттері ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі бойынша-көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша сараланды. Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде сот үкімімен ер адамға айыппұл түрінде жаза тағайындалды", - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. 

Полиция департаменті жалған құжаттарды қолдан жасағаны және сатқаны үшін ҚР ҚК-нің 385-бабына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Ол бойынша жаза 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу