KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

«Отбасы банк» Аягөз ауданындағы жастарға арналған баспана бағдарламасын әзірледі

paryz.kz

31.12.2023, 22:20 657 Назерке Каримова

"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" бағдарламасына 18 бен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Абай облысында жастарды баспанамен қамту, жас отбасыларды қолдау, жұмыспен қамту, сапалы білім беру мәселесі басты назарда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыс әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

- Аягөз ауданында өңір жастарын жеңілдетілген ипотекалық несиелеуге бағытталған "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" бағдарламасы қолға алынды, - делінген хабарламада. - Бағдарламаға ауданның 18 бен 35 жас аралығындағы білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, журналистика, әлеуметтік сала, мемлекеттік, қалалық және республикалық мекеме/ұйымдардағы штаттық қызметкерлер, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.

Жеңілдік несие "Отбасы банкі" арқылы 8 жылға 5% үстемемен беріледі. Қатысушының тұрғын үй бағасының 10%-ын құрайтын банк салымы болуы керек.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу