KZ
Өскемен
-24°
туман Штиль
515.25 535.91 5.18

Алакөлде полицейлердің саны екі есе көбейтілетін болды

13.05.2019, 09:50 169

Еліміздегі ең танымал демалыс орындарының бірі – шипалы Алакөлді барынша жайлы әрі қалың жұртшылық үшін қолжетімді ету мақсатында кешенді іс-шаралар қолға алынған-ды. Туризм саласын дамыту бойынша 2025 жылға дейінгі республикалық бағдарлама аясында көл жағасы Қазақстандағы әлеуеті ең зор 10 туристік нысанның қатарына қосылып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс әкімдігінің кезекті аппараттық кеңесінде аймақ басшысы Даниал Ахметов осы көлдің жағасындағы қызметтердің сапасын жақсарту жөнінде бірнеше нақты тарсырмалар берді.

Туризм басқармасының басшысы Марат Қабақовтың жиында жасаған баяндамасында келшек жоспарлардың барысы айтылды. Атап айтсақ, алдағы төрт жылда жағалауда су, кәріз құбырлары салынып, электр желілері тартылады, сонымен қатар емдік қасиеті бар родондық суға арналған арнайы құбыр да төселеді. Мұнымен қоса, су шаюының алдын алу үшін Алакөлдің жағасын бекіту жұмыстары жалғасады, жолаушылар тасымалын көбейту мақсатында Үржар ауылындағы әуежайдың ұшу-қону алаңы жаңартылады.

Абаттандыру аясында атқарылар жұмыстар да ауқымды. Айталық, осы жылдың өзінде демалыс саябағы кеңейтіліп, жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге арналған жолдар салынады, такси тұрағы жөнделеді. Жоспарда, сондай-ақ, қонақ үйлердің, сауда орындарының, медицина және полиция бекеттерінің құрылысы да қарастырылған.

Туристер қауіпсіздігін арттыру мақсатында осы жазда патрульдеуші полицейлердің саны екі есеге көбейеді, қосымша 60 бақылау камерасы орнатылады, қазір істеп тұрғаны – 80.

Сондай-ақ, қайықтарға арналған арнайы тұрақ жасалып, жағалауға көлік инспекциясы қадағалау жүргізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу