KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Театр маусымы «Қар қызы» драмасымен ашылады – ШҚО

Фото: vko-teatr.kz

6.09.2023, 17:37 816 Ләззат Қанатқызы

Биыл ШҚО-да театр маусымы 8 қыркүйек күні ашылады.

Өнер ордасының жаңа маусымды әдеттегіден ерте бастауы да тегін емес. «Алтайдың кербұғысы» атанған Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай қазақ труппасы 24-ші маусымын жазушының «Қар қызы» драмасымен ашпақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жастар труппасы 15 қыркүйек күні 9-шы маусымын Эдуардо де Филиппоның «Призраки» спектаклімен, ал орыс труппасы 29 қыркүйекте тұсаукесерлік А.Аверченконың «Жизнь – штука веселая» қойылымымен 88-ші театр маусымының шымылдығын түреді.

– Өнер ордасы мерейтойлық даталарды ескеріп, арнайы театр режиссерлерін шақыруды дәстүрге айналдырды. Мәселен, биыл жерлесіміз Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына «Қар қызы» драмасына режиссерлік ету үшін Қазақстандағы топ-5 театр режиссерлерінің қатарындағы Дина Жұмабай шақырылды. Ал жаңа маусымда тәжікстандық режиссер Барзу Абдураззаковты шақырып, жаңа қойылым сахналау жоспарда бар, – дейді ШҚО драма театры директорының орынбасары Дархан Нұралинов.

Директордың орынбасары өз сөзінде өткен маусымда театрға қызығатын жастар санының артқанын да атап өтті. Сондықтан жастарды қолдау мақсатында «TEATR ALL» театр студиясын ашу жоспарланып, концепциясы ШҚО әкімдігіне ұсынылған көрінеді.

– Бұл жоба  14-35 жас аралығындағы жастарға арналады. Білімі мен жұмыс істеу саласы әртүрлі жастар театрға келіп педагогтардан, актерлерден сабақ алып, өздерін сахна өнерінде сынай алады, – деп атап өтті ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу