Өскеменде жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Бүгін Өскеменде «Алтай» көтерме-тарату орталығының аумағында жергілікті тауар өндірушілер қатысқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Фермерлер мен кәсіпкерлер жәрмеңкеге ет және сүт өнімдері, бал, шұжық түрлері секілді тауарлардың кең ассортиментін ұсынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өндірушілердің айтуынша, сауда таңертең ерте басталған. Жәрмеңке ашылмай жатып қалалықтар орталыққа қарай ағылған. Олардың көпшілігі бұл жерге апта сайын келеді, себебі мұнда табиғи әрі сапалы өнімдерді нарықтағыдан төмен бағамен сатып алуға болады.
Ал Өскемен қаласының тағы бір тұрғыны Гүлнар Құрманғалиева жәрмеңкеде өнім түрлерінің мол екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл жерге көбіне сапасы көңілден шығатын ет өнімдерін сатып алу үшін келеді.
Кеше басталып, бүгін таңертеңге дейін жалғасқан қалың қар да тұрғындардың жәрмеңкеге келуіне кедергі болмады.
Елизавета Седых
Фото: Махаббат Ахметжанова
Видео: Руслан Акматалиев










