KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 1,6 м/с, ОШ
441.8 480.02 4.88

Ұлан ауданының жәрмеңкесі ұйымдастырылады – Өскемен

25.05.2023, 10:34 306

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында апта сайын "Fresh-Market" сауда-логистикалық орталығы аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

27 мамырда, сенбі күні "Fresh-Market" сауда-логистикалық орталығының аумағында Ұлан ауданы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері өндірген өнімдердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Қала тұрғындарының сертификатталған және сапалы тауарларды төмен бағамен тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өздерінен нарықтық бағадан орта есеппен 15%-ға төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі бар", делінген хабарламада.

Жәрмеңке сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін жалғасады.

                     

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив