Өскемен: Көпқабатты үйлерде өртке қарсы оқу-жаттығу өткізіледі
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО ТЖД мамандары облыс орталығының тұрғындарына көпқабатты үйлерде де өртке қарсы оқу-жаттығу өтетінін ескертеді.
24 тамыз күні оқу-жаттығулары Қазақстан көшесі, 70 мекенжайында, 31 тамызда Добролюбов көшесі, 53 және 7 қыркүйек күні Жастар көшесі, 39 мекенжайында өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Тұрғындардан өрт сөндіру машиналары мен басқа да арнайы техникалардың жиналуынан қорықпауын сұраймыз. Сабақтар барысында құтқарушылар биік үйлердегі өрт сөндіру тактикасын пысықтайды", дейді ШҚО ТДЖ баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз