KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Азия чемпионаты: жаттықтырушыларға да ақшалай сыйақы беріледі

Фото: Шартты сурет

7.04.2023, 18:54 330

Астана қаласында 9-14 сәуір аралығында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша 36-шы Азия чемпионаты өтеді. Оған құрлықтың 24 елінен 300-ден астам балуан қатысады. 
Жарыста еліміздің атынан 30 спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 
Жақында елордада өтетін жарыста үш күрес бойынша ел атынан барлығы 30 спортшы қатысып, күш сынасады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова мәлімдеген. 
Азия чемпионатынан 1-орын алған спортшыларға 2 300 доллар, 2-орын үшін 1 400 доллар, 3-орын алған спортшыға 900 доллар сыйақы қарастырылған. Сыйақы жаттықтырушыларға да беріледі. Сонымен қатар «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» деген атақ қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив