Шығысқазақстандық спортшылар Азия чемпионатынан жеңіспен оралды
Шығысқазақстандық спортшылар еркін күрес және көркем гимнастикадан өткен Азия чемпионатынан жүлделі оралды.
Еркін күрестен Азия Чемпионаты Қырғызстанда өтті. Азия чемпионатына 40 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орын алды.
Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған U23 жас арасында Досжан Әсетов 2-орынды, U-17 жасөспірімдер арасында 55 келі салмақта күрескен Дарын Әскербек 2-орынды иеленді. U-17 жасөспірімдер арасында Айқын Болатұлы 65 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ, Таиландта көркем гимнастикадан Азия чемпионаты аяқталды. Әлия Юсупова бастаған Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-орын алды.
Жарыс қортындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында: командалық есепте 2-орын, топтық жаттығулардағы көпсайыста 3-орын, финалдағы (обручтер) топтық жаттығуларда 1-орын.
Қазақстанның намысын қорғаған гимнастшылардың қатарында шығысқазақстандық спортшы Рената Жолдинова өнер көрсетті.