KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 5 м/с, ОБ
487.81 527.62 5.02

Зайсандық мұғалім «Алтын тұғыр» иегері атанды

27.02.2024, 15:00 112 Қызырбек Дүргінбайұлы

Бүгінгі таңда білімімен биікті бағындырып келе жатқан жандар көп. Солардың бірі – зайсандық мұғалім, сарапшы-педагог Нұрғалиева Ақкербез Сейфоллақызы.

Зайсан ауданы Сарытерек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақкербез Сейфоллақызы «Алтын тұғыр» иегері атанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ақкербез Нұрғалиева «Алтын тұғыр» бастауыш сынып мұғалімдері арасында математика пәнінен өткен олимпиаданың аудандық, облыстық кезеңдерінде 1-орын алып, республикалық сайыста жеңіспен оралды.

– Зайсан ауданы Сарытерек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, сарапшы-педагог Нұрғалиева Ақкербез Сейфоллақызы «Алтын тұғыр» бастауыш сынып мұғалімдерінің математика пәнінен өткен олимпиадасында аудандық, облыстық кезеңдерінде 1-орын алып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Астана қаласында өткен республикалық кезеңге қатысып 1-ші орынды иеленді, –  деп жазды Зайсан ауданы әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл сайысқа 17 облыс, 3 қаладан жалпы саны 160 мұғалім қатысқан.

– Биқадамов атындағы шағын жинақты бастауыш мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс бастағанмын. Зайсан аудандық Сарытерек орта мектебінде жұмыс істегеніме 8-9 жыл болды. Пәндік олимпиада да ШҚО ұстаздары команда бойынша жалпы есепте 2-орын алдық. Ал өз басымы 1-ші орынға қол жеткіздім, – дейді ұстаз Ақкербез Сейфоллақызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив