KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.63 583.22 6.42

Жаңа Конституция – заман талабына берілген жауап

4.02.2026, 18:30 292 Айдос Мырзахметов

Қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістер қарқын алған бүгінгі кезеңде ел дамуының жаңа басымдықтарын айқындайтын жаңартылған Конституцияны қабылдау — уақыт талабынан туындаған қажеттілік. Осылай деген ШҚО Кәсіподақ орталығының төрағасы Темірбек Қасымжанов Конституциялық комиссия тарапынан атқарылған ауқымды әрі жүйелі жұмыс нәтижесінде әзірленген жаңа Ата заң жобасында ұсынылып отырған өзгерістер билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталғанын жеткізді. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа тетіктерін қалыптастырып, маңызды шешімдерді қабылдау үдерісін жедел әрі ашық етуге мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу