Бүгін ШҚО-да тұман күтіледі
Бүгін, 5 ақпанда ШҚО-да аязды ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы -20 градустан -5 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, күн бойы жауын-шашын күтілмейді. Жел әлсіз, негізінен шығыс және оңтүстік-шығыс бағытта соғады, жылдамдығы 1-6 м/с шамасында. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталық бөлігінде тұман байқалады.
Ертең, 6 ақпанда ауа райы біршама жылынады: түнде -5 градус, күндіз +2 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.
Мамандар тұрғындарды ауа райына сай киініп, жолда және далада сақ болуға шақырады.
Оқи отырыңыз