KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«Ақ жол» демократиялық партиясының мүшелері кітапханашылармен кездесті

29.12.2020, 14:33 402

«Ақ жол» демократиялық партиясының мүшелері Дания Еспаева мен Сұлтан Хан Жүсіп Ұлттық кітапхана ұжымымен кездесті. 


Партияның жастарға арналған жатақханалар салу жөніндегі ұсыныстары ерекше қолдау тапты. 

Бұл жастарды қолдау үшін өте қажетті шара. Сондай-ақ, біз сіздердің ипотеканы субсидиялау жөніндегі ұсыныстарыңызды да қолдаймыз, - деді кітапханашылар.


Кездесуге қатысушылар ұзақ уақыттан бері салынып бітпеген үйлер («Баспана-Көктал» ТК) мәселесін де көтерді.


Сонымен қатар, олар балалар кітапханаларының қажеттілігі туралы айтты. Бүгінгі таңда елімізде 256 балалар кітапханасы бар, олардың 7-і ғана белгілі бір мәртебеге ие. Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, бұл тақырып ата-аналарды да, мұғалімдерді де мазалайды.


Дания Еспаева кездесуге қатысушылардың көтерген барлық мәселесі назарға алынатынын жеткізді.


Бақ кз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив