KZ
Өскемен
-14°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
498.65 589.06 6.49

Өскеменде жасөспірімдерге алкоголь немесе темекі сатқандарды ұстау науқаны басталды

9.04.2019, 04:16 515

8-14 сәуір аралығында қалада «Жасөспірім» жедел-алдын алу шарасы жүргізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу. Соның ішінде ішімдік ішіп, есірткі және психотроптық заттарды пайдаланатын, оқудан «қашқан» жасөспірімдерді ұстау. Сондай-ақ оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттерге тартатын ересектерді, кәмелетке толмағандарға ішімдік пен темекі сататындарды ұстау, – деп мәлімдеді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Акцияны жүргізуге жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, білім және денсаулықсақтау органдары, «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалдары мен ата-аналар комитеті атсалысады.

Шара барысында акция мүшелері қаладағы түнгі клубтарды аралап, кәмілетке толмағандарды ұстайды. Ондай жағдайда жасөспірімдердің ата-анасы мен аталмыш мекемелердің иелері де жауапқа тартылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу