KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, С
521.6 534.27 5.25

Семей қаласының атын өзгерту туралы. Әкімдік не дейді?

27.03.2019, 11:02 503

Семей әкімдігі қаланы қайта ауыстыруға қатысты  пікір білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізде болса, Семей қаласына Әлихан Бөкейханов есімін беру туралы ұсыныс айтылғаны туралы сайтымыздың тілшісі жазған болатын.
Семей қаласындағы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ақпараты бойынша, ұсынысқа қатысты ешқандай ресми өтініш келіп түспеген. Сондай-ақ әкімдік 2007 жылы Елбасы қаланы Семипалатинск атауынан Семей деп өзгерткенін атап өтті.


– Қала атауын өзгерту – өте қиын және ұзақ процес. Егер ресми арыз келіп түссе, біз оны қалалық ономастика комиссиясымен бірге қарастырамыз. Содан кейін бұл сұрақ қалалық қоғамдық кеңесте талқыланады. Содан барып мәслихатта қоғамдық тыңдау өтеді, яғни аталмыш сұрақты депутаттар қарастырады. Осының барлығы біткен соң, облыстық ономастикалық комиссияға жіберіледі. Түпкілікті шешімді республикалық ономастикалық комиссия қабылдайды, – деп мәлімдеді қала әкімдігі.


Мамандардың айтуынша, 2007 жылы Семейдің сол жағалауын «Алаш» деп атау туралы жалғыз ұжымдық өтініш келіп түскен. Бірақ ол өтініш қарастырылмаған екен. Себебі қаланың бір бөлігіне атау беруге болмайтын көрінеді.


– Қалаға Әлихан Бөкейханов есімін беру ұсынысы туралы айтар болсақ, әзірге ешқандай да ресми өтініш келіп түскен жоқ, – дейді Семей әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу