KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Еліміздің көп бөлігінде 30 градусқа дейін ыстық болады

Фото: ашық дереккөзден

10.04.2023, 17:48 230

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы 11-13 сәуір аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронтальды ағымдардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 Ал 11 сәуірден 12 сәуірге қараған түні еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болып, арты қарға ұласуы мүмкін. Елдің солтүстік жартысында Скандинавия аймақтарынан ойысқан солтүстік-батыс антициклонының әсерінен түнде ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

  "Алайда, көктем өз нәтижесін бермек, күндізгі уақытта ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Ал 13 сәуірде термометр бағаны республиканың солтүстік жартысында 10-18, ал оңтүстікте 17-30 градусқа дейін көтеріліп, күн ысиды. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл мен найзағай, солтүстік жартысында көктайғақ күтілуде", делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив