Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Altainews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ол бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды. Ұзақ жылдар бойы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде еңбек етті.
Бұған дейін Президент көмекшісі – Президент Баспасөз хатшысы болған Руслан Желдібай қызметінен босатылды.
Оқи отырыңыз