KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, З
530.24 543.97 5.16

Аягөзде баспана мәселесі қалай шешілуде?

2.12.2020, 17:39 277

Бабаларымызда:

«Үйі жоқтың көңілінде алтын сарай жүреді.

Туған үйдің түтіні жылы,

Туған ананың күтімі жылы.

Түтін шыққан үй жылы,

Төскейлей шыққан күн жылы», деген мағыналы мақал-мәтелдер бар.

Иә, баспана барлық отбасының басты байлығының бірі. Бұрын да солай болған, бүгін де солай.

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасын бірлесіп бірге күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы құрайды. Ал жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы мен бақытты жүзінде. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы өте зор. Отбасы деген шағын ғана мемлекетіңіздің берік те, бақытты болуы үшін, ең бастысы - өзгелерді, соның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек. Ұлт өмірінің іргетасы, негізін қалаушы – отбасы болса, отбасының іргетасы – бала. Ал бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді.

Адам - біздің мемлекетіміздің басты құндылығы. Ата Заңымызда солай деп танылған.

Халықтың игілігі, әлеуметтің әл ауқатының артуы үшін елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істеуде. Тұрғындардың шаттықты шаңырағы болуы бағытталған бағдарламалар да жетерлік. Солардың бірі - «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы. Аталмыш бағдарламамен көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар үй ала алады.

Біздің Аягөз ауданында 2020 жылға «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы аналар саны 210 адам. Бүгінде оның 130-да тұрғын үй жинақ банкінде есеп шоттары (счеттеры) ашылған. Үй кезегінде тұрғандардың 63-і АӘК алушылар санатынан.

Өткен 2019 жылы 26 адам растау алып, олардан 26 отбасы баспаналы болды. Оның 14-і көпбалалы отбасы.

2020 жылы 60 млн. теңге жергілікті бюджет қаражатынан тұрғын үй сертификаттарын ұсыну үшін бөлінді. 1-ші жарты жылдықта 24 адам ТҮЖБ (ЖССБ) растау алды. 8 отбасы алғашқы жарналарын өздері құйды, 1 отбасы басқа қаладан баспаналы болды.

15 отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында Аягөз қаласынан баспаналы болды. Осы отбасыларға бюджет қаражатынан 13,3 млн. теңге қаражат төленді. Мұның ішінде 10 отбасы көпбалалы, 4-еуі толық емес отбасынан және 1-еуі мүмкіншілігі шектеулі бала асырап отырған отбасы.

Құрметті аудан тұрғындары, егер Сіздер жоғарыда аталған топтарға енетін болсаңыздар мемлекет берген мүмкіндікті мейлінше пайдалануға асығыңыздар. Отбасыларыңыздың қызығы мен қуанышының ұясы болған шаңырақтарыңызға

қол жеткізіңіздер. Бала–шағаларыңызбен баспаналар-ыңызда баянды ғұмыр кешіңіздер.

Ермек Тұрсынұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу